Техник-технолог - ет шикізатынан өнімдерді өндірудегі технологиялық процестерді ұйымдастыруды және басқаруды, шикізатты ұтымды пайдалануға және берілген сапалық сипаттамалары бар өнімдерді алуда жүйелі тәсілді және қазіргі заманғы техникалық-технологиялық шешімдерді оңтайлы пайдалануды жүзеге асыратын маман.
Техник-технолог қолданыстағы өндірістік процестерді әзірлейді және жетілдіреді, еңбекті ұйымдастырудың тиімділігін бақылайды және туындаған өндірістік проблемаларды шешеді.
Осы бағыттағы мамандар мынадай жұмыс түрлерін атқара алады:
Жоғары деңгейдегі маман болу үшін минималды тәжірибе - 5 жыл.
Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студенттің химия, биология саласында білімі болуы керек. Жас техник-технологтың орташа жалақысы - 100 мың тг.
Қоғамдық тамақтану техник-технологы жауапкершілік, ұйымшылдық, ұқыптылық, дәм мен иісті жақсы сезу және шығармашылық қабілеттерге ие болуы тиіс.
Бұл кәсіптің артықшылығы - шеберлікті арттыру және кәсіби тәжірибені жинақтау арқылы салаға қатысы бар кәсіптерді игеру, қосымша білім алу арқылы мансаптық өсу мүмкіндігіне ие болуында.
Бұл біліктіліктің кемшілігі - үлкен жауапкершілік деңгейінде. Медициналық қарсы көрсетілімдері бар: тірек-қимыл аппаратының аурулары, қозғалыстарды үйлестірудің бұзылуы, қаннан қорқу, көру қабілетінің нашар болуы.