Газ объектілері жабдықтарын пайдалану жөніндегі техниктер газбен қамтамасыз ету және газ тарату жүйелері мен жабдықтарын құрастыруды жүзеге асырады, қайта салынған газ құбырларын қолданыстағы газ құбырларына қосады және газ желілері мен жабдықтарына газ жібереді. Сондай-ақ газбен қамтамасыз ету жүйелерін, газбен қамтамасыз ету жүйелерінің жабдықтарын сенімді және қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ететін газ жабдықтарын қолдану мен оларды орнатуды жобалайды.
Еңбекақы жұмыс орнына, біліктілік деңгейіне және тәжірибесіне байланысты. Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студенттің физика, химия, математика, сызу саласында білімі болуы тиіс.
Жоғары деңгейдегі маман болу үшін минималды тәжірибе - 3 жыл.
Бұл мамандықтың артықшылығы сұранысқа ие болуында. Газбен қамтамасыз ету жүйесінің заманауи технологиялары қарқынды дамуда, сондықтан жоғары білікті мамандарға деген қажеттілік артып келеді.
Жемісті жұмыс істеу үшін техниктің бойында мынадай қасиеттер болу қажет: көру, есту және иіс сезімінің жоғарылығы, жалпы дене шыдамдылығы, зейінділік, ұқыптылық, эмоционалды тұрақтылық.
Бұл мамандықтың кемшілігі денсаулыққа ықтимал қауіптердің: химиялық және физикалық факторлардың әсерінен туындайтын ауруларлардың пайда болуында. Медициналық қарсы көрсетілімдері бар.
Жас маман бұл мамандықты таңдай отырып, күрделі жұмысқа, білім мен қауіпсіздік техникасының жоғары талаптарына дайын болуыңыз керек, өйткені газ пайдаланатын құрылғылар басқа коммуникацияларға қарағанда неғұрлым байыпты бақыланатын, аса қауіпті объектілер болып табылады.
Бұл біліктіліктің түлектері газ қазандықтарының операторлары, пайдалану ұйымдарының диспетчерлері, газ жүйелеріне қызмет көрсету жөніндегі мамандар ретінде сұранысқа ие. Келешекте үздік деп танылған мамандар пайдалану және жөндеу учаскесінің бастығы бола алады.
2025 ж. 1 қыркүйек