Return to news and events
Новость

ISATCOVE

2026 жылғы 11 қыркүйекте Шахтинск технологиялық колледжінде ISATCOVE құралдарын қолдану арқылы колледж қызметіне өзін-өзі бағалау жүргізу мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Кеңеске қатысушыларға өзін-өзі бағалаудың негізгі бағыттары мен критерийлері, сондай-ақ ISATCOVE құралдарын қолданудың білім беру процесінің сапасын арттыруға, жұмыс берушілермен ынтымақтастықты дамытуға және колледжді басқару жүйесін жетілдіруге беретін мүмкіндіктері таныстырылды.
Кездесу барысында өзін-өзі бағалауға қатысушылардың құрамы, растайтын құжаттар мен деректерді жинау тәртібі қарастырылды. Сонымен қатар бөлім меңгерушілері, циклдік әдістемелік комиссиялардың төрағалары, кураторлар және ЦӘК мүшелері арасында міндеттер бөлінді.
Ұсынылатын ақпараттың шынайылығына, талдау сапасына және белгіленген мерзімдердің сақталуына ерекше назар аударылды. Кеңес қорытындысы бойынша алдағы жұмыстың негізгі кезеңдері мен жауапты тұлғалар айқындалды.

Other news and events on the topic

Новость
September 15, 2026
Денсаулық күні

Денсаулық күні

More details
Новость
September 15, 2026
ISATCOVE

ISATCOVE

More details
Новость
September 15, 2026
Итоги конкурса

Итоги конкурса

More details
Новость
September 15, 2026
«Аттестация — пилоттық жоба»

Бүгін колледжде «Аттестация — пилоттық жоба» тақырыбында семинар өтті.

More details

How to find us

8(72156)52222
shaht-koll-6984@bilim09.kz
г.Шахтинск, проспект Абая 9
https://shtk.mycollege.kz/