Return to news and events
Новость

Біздің колледжде дәнекерлеушілерді даярлаудың жаңа деңгейі

Біздің колледжде дәнекерлеушілерді даярлаудың жаңа деңгейі 🔥

Колледжіміз бен студенттеріміздің болашағы үшін маңызды оқиға 👨 🏭 👩 🏭 
Біз KazWeld қазақстандық дәнекерлеу қауымдастығына кіре отырып, ресми түрде кәсіби қоғамдастықтың бір бөлігі болдық 🤝

Колледжде аттестаттау жұмысын KazWeld атқарушы директоры, ҚР ҰАА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстандағы iiw ANBCC жүйелік басшысы Абдурахманов Рустамбек Убайдуллаұлы басқарды. Ол студенттердің практикалық дағдылары мен кәсіби дайындық деңгейін жеке бағалады 🔧

Ынтымақтастық нәтижесінде колледж ISO 9606 халықаралық стандарттары бойынша салалық аккредиттеуден сәтті өтті🌍

💡 Бұл біздің студенттерге не береді?

Халықаралық дәнекерлеу институтының (IIW) талаптарына сәйкестігі
оқытудың нақты өндіріспен тікелей байланысы
Практикалық даярлықты және дағдылар сапасына қойылатын талаптарды күшейту

Аккредиттеу барысында айтарлықтай жұмыстар атқарылды:

«Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша оқытушыларды халықаралық аттестаттау 🔹 өткізілді - біздің педагогтарға халықаралық деңгейдегі мамандарды даярлау тапсырылды
2-ші және 3-ші курстың 🔹 студенттері халықаралық аттестациядан сәтті өтіп, тәжірибеде өз шеберліктерін дәлелдеді.

@KazWeld қауымдастығына сенімі мен кәсіби қолдауы үшін алғыс айтамыз 🙌
Бұл серіктестік біздің түлектерімізге жаңа мүмкіндіктер ашады және Қазақстанның дәнекерлеу саласының дамуына үлес қосады деп сенеміз 🇰🇿


Медиа новости

1 из 2

Other news and events on the topic

Новость
December 25, 2025
Отбасы күні

Отбасы күні

More details
Новость
December 25, 2025
Денсаулық күні

Денсаулық күні

More details
Новость
December 25, 2025
ISATCOVE

ISATCOVE

More details
Новость
December 25, 2025
Итоги конкурса

Итоги конкурса

More details

How to find us

8(72156)52222
shaht-koll-6984@bilim09.kz
г.Шахтинск, проспект Абая 9
https://shtk.mycollege.kz/