2024 жылдың 29 наурызында «Электромеханикалық және тау-кен жабдықтарын монтаждау және техникалық қызмет көрсету» бағыты бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Өз мамандығының үздігі» облыстық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты жұмысшы кәсібінің беделін арттыру, мамандарды даярлау сапасын жетілдіру; таңдалған мамандыққа қызығушылықты арттыру болып табылады.
Байқауға «Электромеханикалық жабдықтарды жөндеу, пайдалану және техникалық қызмет көрсету (түрлері және салалар бойынша)», «Жерасты электірслесірі» мамандықтар бойынша ТжКОБ ұйымдарының студенттері қатысты.
Байқау үш модульдер бойынша өткізілді:
А Модулі – теориялық бөлім: кен электр жабдықтарын пайдалану кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын білу.
В Модулі – теориялық бөлім: ПВИ-125Б кен стартерінің жұмыс принципін білу, принципті электр схемасын оқу.
С Модулі - тәжірибелік бөлім: КУ-92 батырмасын ПВИ-125Б стартерге қосу және стартерді қосу.
Қатысушылар әр модульде теориялық және практикалық дайындықтарын, сондай-ақ кәсіби дағдыларын көрсетті.
Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы, «Қазақстан», «Тентек» шахталары мен Ленин атындағы шахтаның өкілдері критериалды бағалады.
Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орын - Грачев Станислав, «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК;
2 орын - Зайцев Иван, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК;
3 орын - Беляев Владимир, «Саран техникалық колледжі» КМҚК.
Қатысушылар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталды.