Бүгін 11.04.25 ж. экологиялық сауаттылық апталығы аясында «Экологиялық гардероб құрастыр» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – қайта өңделген шикізатты пайдалану мүмкіндіктерін көрсететін декор бұйымдары мен киімдерді жасау арқылы қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашқан.
Байқауға 1-курстың 8 тобы қатысты, бұл өте қуанышты. Жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланды:
• Экологиялық тақырыптың көрінісі;
• Модельдердің түпнұсқалығы және біртұтастығы;
• Эстетикалық талғампаздық пен орындау сапасы;
• Киім моделі мен аксессуарлардың материалдарының алуан түрлілігі;
• Көркемдік деңгейі мен артистизмі.
Гран-при ОП-24 тобына берілді.
Орындар 3 номинация бойынша келесі ретпен таратылды:
• «Эко-шик» (ерлер киімінің модельдері) – РГО-24 тобы;
• «Эко-шоу» (карнавалдық модельдер) – СИБ-924 тобы;
• «Эко-леди» (әйелдер киімінің модельдері) – ТПП-924 тобы.
Барлық топтар зеректік, шығармашылық және түпнұсқа ойлау қабілеттерін танытты. Байқауға қатысқандардың барлығына үлкен рахмет!
Қамтылғандар: 60 студент
Жауаптылар: Ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Хамзина Г.М., биология пәнінің оқутышысы Терлюк Н.И., химия пәнінің оқутышысы Савенко А.О.
Жаңалық
Экологиялық гардероб құрастыр
2025 ж. 11 сәуір
