Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

«Электромеханикалық және тау-кен жабдықтарын монтаждау және техникалық қызмет көрсету» бағыты бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Өз мамандығының үздігі» облыстық байқауы

2024  жылдың  29  наурызында  «Электромеханикалық және тау-кен жабдықтарын монтаждау және техникалық қызмет көрсету» бағыты бойынша  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Өз мамандығының үздігі» облыстық  байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты жұмысшы кәсібінің беделін арттыру, мамандарды даярлау сапасын жетілдіру; таңдалған мамандыққа қызығушылықты арттыру болып табылады.

Байқауға «Электромеханикалық жабдықтарды жөндеу, пайдалану және техникалық қызмет көрсету (түрлері және салалар бойынша)», «Жерасты электірслесірі» мамандықтар  бойынша ТжКОБ ұйымдарының  студенттері қатысты.

Байқау үш  модульдер бойынша өткізілді:

А Модулі теориялық бөлім: кен электр жабдықтарын пайдалану кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын білу.

В Модулі теориялық бөлім: ПВИ-125Б кен стартерінің жұмыс принципін білу, принципті электр схемасын оқу.

С Модулітәжірибелік бөлім: КУ-92 батырмасын ПВИ-125Б стартерге  қосу және стартерді қосу.

Қатысушылар әр модульде теориялық және практикалық дайындықтарын, сондай-ақ кәсіби дағдыларын көрсетті.

Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы, «Қазақстан», «Тентек» шахталары мен Ленин атындағы шахтаның өкілдері критериалды бағалады.

Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

1 орын - Грачев Станислав,  «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК;

          2 орын - Зайцев Иван, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК;         

         3 орын - Беляев Владимир, «Саран техникалық колледжі» КМҚК.  

Қатысушылар  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталды.


Медиа жаңалықтар

1 из 6

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2024 ж. 29 наурыз
«Электромеханикалық және тау-кен жабдықтарын монтаждау және техникалық қызмет көрсету» бағыты бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Өз мамандығының үздігі» облыстық байқауы

2024 жылдың 29 наурызында «Электромеханикалық және тау-кен жабдықтарын монтаждау және техникалық қызмет көрсету» бағыты бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Өз мамандығының үздігі» облыстық байқауы өтті.

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 29 наурыз
Кім миллионер болғысы келеді» атты математикалық викторина

29 ақпанда колледжде математикалық сауаттылық апталығы аясында «Кім миллионер болғысы келеді» атты математикалық викторина өтті. 

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 29 наурыз
Математикалық сауаттылық апталығы

Бүгін, 2024 жылдың 26 ақпанында біздің колледжде математикалық сауаттылық апталығы басталды. 

Толығырақ
Жаңалық
2024 ж. 29 наурыз
«Кітапты мұқтаждарға бер»

2022-2025 жылдарға арналған "Ооқу колледжі" тұжырымдамасын орындау барысында колледж студенттерімен Халықаралық кітап беру күні (14 ақпан) аясында "Мұқтаждарға кітап сыйла" тақырыбында әңгіме өткізілді.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

8(72156)52222
shah-tehn@krg-edu.kz
г.Шахтинск, проспект Абая 9
https://shtk.mycollege.kz/