1989 жылы 15 ақпанда кеңестік офицерлер мен солдаттар Ауғаныстанды тастап шықты. Осылайша Кеңес Одағы 15 мыңнан астам азаматын жоғалтқан он жылдық соғыс аяқталды. Ауғанстаннан әскерлерді шығарған күн – бұл Ауған ардагерлерінің мерекесі, сондай-ақ қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді еске алу және аза тұту күні.
Бұған мысал ретінде біздің колледж музейіндегі 1987 жылы Ауғанстанда ерлікпен қаза тапқан Артур Ямилович Мазукаевты еске алуға арналған бұрышымызды айтуға болады, ол небәрі 19 жаста еді. Ол біздің колледждің студенті болған. Колледж әкімшілігі мен кеңесінің өтініші бойынша қалалық ономастикалық комиссия оқу орнына Артур Мазукаевтың есімін беру туралы шешім қабылдады.
2021 жылғы 15 ақпанда «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК «Сен менің жадымда және жүрегімдесің, Ауғанстан» деген тақырыпта ауғандықтарды еске алу күніне арналған іс-шара өтті. Іс-шара колледж мұражайында өтті және оқушыларға ZOOM платформасында көрсетілді. Іс – шараға жауапты колледж оқытушылары – Ахметов А.Т., Пташинский С. В. және Терлюк Н. И. болды.
16 ақпанда мұражайда дәстүрлі форматтағы «Жарқ еткен жарқын – қас қағым сәт» атты СД-20 тобына арналған ақпараттық – танымдық сағат өткізілді. Іс-шараға Т. И. Горяйнова және В. А. Машевская жауапты болды. Және де студенттерімізді тіркелу билеттерімен құттықтағымыз келеді. Биыл біздің колледждің 145 оқушысы осы атаққа ие болды. Енді сіздер біздің қорғаушыларымыз және еліміздің болашағысыздар.